«Robotek Grand Tournament»

Республикалық робототехника чемпионаты

(7-8 мамыр 2022 ж., Нұр-Сұлтан қ.)

ain main logo dark

Жарыс туралы

Robotek Grand Tournament — соңғы 2 жылда Нұр-Сұлтан қаласында спорттық және білім беру робототехникасын танымал етуге күшті серпін берген робототехника турнирі. Чемпионатқа қала мектептері мен робототехника үйірмелерінен 149 елордалық команда қатысып, 7 номинация бойынша жарысты.

«Жарыс Нұр-Сұлтан қаласындағы робототехникаға балалардың жаппай қызығушылығын арттыру, IT саласында жас таланттарды қолдау және дамыту мәселелеріне қоғам назарын аударту мақсатын көздейді», —  деп айтады «Роботек» робототехника мектебінің негізін салушы Санжар Шалқарбеков.

«Робототехника жарыстары – мектеп оқушыларының білім алатын және өз қабілеттерін жүзеге асыратын алаңы. Бұл цифрлық технологияларды қолдану қажет мамандықтарды игеруге ынталандырады. Баланың іскер болашағы құрылуда. Нұр-Сұлтанда дарынды және талантты балалар көп. Чемпионатқа серіктестер мен демеушілердің қолдауы мектеп оқушыларына бұл жай ғана ойын емес екеніне одан әрі көз жеткізеді. Елімізге үлкен білім мен дағдылар қажет болады», — «Астана Дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық қолдау орталығының директоры Ғаждембек Тұрсынов өз пікірімен бөлісті.

Жарыстың барлық қатысушылары сертификаттарға ие болды, жарыс жеңімпаздары санаты бойынша I, II және III дәрежелі дипломдармен және «Астана дарыны» ОАӨЖК медальдарымен марапатталды.

Сондай-ақ, жеңімпаздар автоматты түрде жыл сайын Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі «Астана Innovations» АҚ-мен бірлесіп өткізетін Халықаралық инновациялық-білім беру STEM-Олимпиадасының финалына өтті.

Жеңімпаздарды дайындаған педагогтар алғыс хаттармен, ал әр санаттағы жеңімпаз командалар кубоктармен марапатталды. Төрешілер өз кезегінде жарыс санатын көрсете отырып, төрешілік тәжірибесін растайтын сертификаттар алды.

Турнир Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің, елімізде пәндік олимпиадаларды өткізуге жауапты «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық қолдау орталығымен, «Астана Innovations» АҚ, Astana IT University қолдауымен және «Роботек» робототехника мектебімен бірлесіп өткізілді.

Жарысқа қатысқан командалар тізімі

Сілтеме

Санаттар

  1. «Робо-сумо» санатындағы жарыс. Жас тобы 9-12 жас
  2. «Эстафета» санатындағы жарыс. Жас тобы 10-17 жас
  3. «Сызық бойынша жарысу» санаты. Жас тобы 14-17 жас
  4. «Кегельринг-квадро» санатындағы жарыс. Жас тобы 10-13 жас
  5. «Биатлон» санатындағы жарыс, кіші санат. Жас тобы 10-13 жас
  6. «Биатлон» санатындағы жарыс, жоғары санат. Жас тобы 14-17 жас
  7. «Лабиринт». санатындағы жарыс. Жас тобы 14-17 жас      

Чемпионат нәтижелері

«Робо-сумо» санаты
I – орын (Alpamys командасы, «Alpamys» мектебі)
II – орын (Fan Robotics 4 командасы, №68 мектеп-гимназиясы)
III – орын (TechRobot командасы, Smart Technological School)

«Эстафета» санаты
I – орын (Супер Бабиджон командасы, «Роботек» мектебі)
Роботтардың жарысы кезінде нөлдік ұпайға байланысты II, III орындарды анықтау мүмкіндік болған жоқ.

«Биатлон санаты (жоғары санат)»
I – орын (Уран командасы, №1 мектеп-лицейі)
II – орын (OLIMP командасы, №3 мектеп-гимназиясы)
III – орын (zeuSUSinOlimp командасы, №3 мектеп-гимназиясы)

«Биатлон санаты (кіші санат)»
I – орын (AstAk командасы, «Роботек» мектебі)
II – орын (Барыс командасы, BINOM Тұран)
III – орын (Reactor командасы, «Роботек» мектебі)

«Лабиринт» санаты
I – орын (FAN ROBOTICS 1 командасы, №68 мектеп-гимназиясы)
II – орын (Altyn Orda командасы, №84 мектеп)
III – орын (Alpamys командасы, «Alpamys» мектебі)

«Сызық бойынша жарысу» санаты
I – орын (FAN ROBOTICS 2 командасы, №68 мектеп-гимназиясы)
II – орын (Юпитер командасы, №1 мектеп-лицейі)
III – орын (Заңғар командасы, №76 мектеп-лицейі)

«Кегельринг-квадро» санаты
I – орын (Патфайндер командасы, «Роботек» мектебі)
II – орын (Сатурн командасы, «Роботек» мектебі)
III – орын (Snickers командасы, «Роботек» мектебі)