«Robotek Grand Tournament»

Халықаралық робототехника чемпионаты

(2-3 мамыр 2024 ж., Астана қ.)

ЧЕМПИОНАТТЫҢ БАСТАЛУЫНА ДЕЙІН

  • 00Күн
  • 00Сағат
  • 00Минут
  • 00Секунд

ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР

БАС СЕРІКТЕС

ДЕМЕУШІЛЕР

Жарыс туралы

Robotek Grand Tournament – робототехникадан мектеп оқушылары арасындағы халықаралық чемпионат. Турнирдің мақсаты – робототехника, инженерия және бағдарламалау салаларында дарынды балаларды анықтау және оларды қолдау. Жастар арасында техникалық мамандықтарды танымал ету. Қоғам мен мемлекеттің назарын техникалық білім беру мәселелеріне аудару.

Өткізілу күндері: 2-3 мамыр 2024 ж.

Robotek Grand Tournament 2024 чемпионаты 7 санатта өткізіледі.

  1. Роботек (9-12 жас)
  2. Инверстік сызық бойымен жарыс (9-12 жас)
  3. Жеткізуші робот (10-13 жас)
  4. Мерген — кіші санат (10-13 жас)
  5. Мерген — жоғары санат (14-17 жас)
  6. Туды жеткізу (14-17 жас)
  7. Сұрыптаушы робот (14-17жас)

Қазақстанның 17 аймақ, 3 республикалық маңызы бар қалаларының және шет елдердің ең мықты құрамалары қатысады. Барлығы — 280 оқушы.

Чемпионат ұйымдастырушылары: 

  • «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы
  • Астана қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық қолдау орталығы
  • «Роботек» білім беру робототехника мектебі
  • Нұрсұлтан Назарбаев Қоры

Тіркеу

  1. Облыстық іріктеу кезеңдері «Дарын» РҒПО өңірлік орталықтарының қатысуымен 1 ақпан 2024 жылға дейін өткізіледі.

  2. «Дарын» РҒПО өңірлік орталықтары облыстық іріктеу кезеңдерінде 1 орын алған командалардың тізімін 16 ақпан 2024 жылға дейін (өтінім формасының үлгісін қараңыз) robotek.gt@gmail.com поштасына жіберуі тиіс.
  3. Чемпионатты ұйымдастыру комитеті 2024 жылғы 29 ақпанға дейін чемпионат Ережесінің
    талаптарына сәйкестікке өтінімдерді зерттейді және командаларды жарыстарға жіберу туралы шешім қабылдайды. Бұл шешімге дау айтылмайды. 2024 жылғы 7 наурыздан кешіктірмей финалдық жарыстарға қатысушы командалардың тізімдері сайтта орналастырылады.

  4. Командаларды жарысқа қабылдағаннан кейін Ұйымдастырушылар командалардың жауапты тұлғаларын Чемпионаттың Telegram-каналына қосады, оларға толтыру үшін қосымша нысан жіберіледі (оның ішінде қатысуға ата-ананың келісімі, жеке деректерді қолдау және өңдеу, кәмелетке толған қатысушылардың қатысуға және дербес деректерді өңдеуге келісімі, қатысушының ресми өкілдері немесе егер ол кәмелетке толған болса, қатысушының өзі қол қойған әрбір қатысушы үшін қауіпсіздік ережелері).
  5. Жарыс қатысушылары мен ілеспе адамдар міндетті түрде өздерімен бірге жеке басын куәландыратын құжаттарды алып жүруі және тіркеу кезінде көрсетуі қажет.

  6. Қажетті құжаттары болмаған жағдайда командалар жарысқа қабылданбайды.

Robotek Grand Tournament турнирінің ережелері

Жарысқа қатысатын командалар тізімі

Сілтеме

Байланыс