Robotek Grand Tournament – робототехникадан мектеп оқушылары арасындағы халықаралық чемпионат. Турнирдің мақсаты – робототехника, инженерия және бағдарламалау салаларында дарынды балаларды анықтау және оларды қолдау. Жастар арасында техникалық мамандықтарды танымал ету. Қоғам мен мемлекеттің назарын техникалық білім беру мәселелеріне аудару.
Өткізілу күндері: 13 мамыр 2025 ж.
Robotek Grand Tournament 2025 чемпионаты 7 санатта өткізіледі.
- Роботек (2012-2016 т.ж.)
- Инверстік сызық бойымен жарыс (2012-2016 т.ж.)
- Жеткізуші робот (2012-2016 т.ж.)
- Мерген — (2008-2011 т.ж.)
- Туды жеткізу (2008-2011 т.ж.)
- Сұрыптаушы робот (2008-2011 т.ж.)
- РобоБаскетбол (2008-2016 т.ж.)
Қазақстанның 17 аймақ, 3 республикалық маңызы бар қалаларының және шет елдердің ең мықты құрамалары қатысады. Барлығы — 350 оқушыдан астам.
Чемпионат ұйымдастырушылары:
- «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы
- Астана қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық қолдау орталығы
- «Роботек» білім беру робототехника мектебі